Қарағанды облысында елік атқан браконьерлер ұсталды

7 Желтоқсан 2021, 13:39
1156
Бөлісу:
Қарағанды облысында елік атқан браконьерлер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында елік атқан браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысы Абай аудандық бөлімінің Топар полиция бөлімшесінің қызметкерлері рейдтік іс-шара өткізді.

Полицейлер сағат 15:30 шамасында елді мекендердің бірінің аумағында 41 жастағы жүргізуші басқарған көлікті тоқтатқан. Көлікте 16 мен 44 жас аралығындағы төрт жолаушы болған.

Полицейлер көлікті тексеру кезінде екі еліктің еті табылған. Ұсталғандар – барлығы Шахтинск қаласының тұрғыны. Күдіктілерден үш бірлік тегіс ұңғылы қару алынды.  Қылмыстық кодексінің 337-бабы (Заңсыз аңшылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы