Қарағанды облысында дезинфекциялау жұмыстары басталды

18 Қазан 2020, 09:50
1453
Бөлісу:
Қарағанды облысында дезинфекциялау жұмыстары басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданында 16 қазаннан бастап әлеуметтік маңызы бар нысандар мен адамдар көп жиналатын орындарды дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде.

Аялдама павильондары, балалар және спорт алаңдары, мектеп аумақтары, шағын және орта бизнес нысандарының, көппәтерлі үйлердің кіреберістері мен аулалары және т. б. өңделуде. 

Бүгінгі күні ауданда жалпы ауданы 16 200 шаршы метр 58 нысан дезинфекцияланды.  

Мұндай іс-шаралар Бұқар Жырау ауданының барлық елді мекендерінде аптасына 2-3 рет эпидемиялық маусым кезеңінде тұрақты негізде өткізілетін болады. 

Жаңаарқа ауданында да дезинфекциялық жұмыстар қайта жанданды. Атап айтқанда, Қаражалда көшелер, сауда және қызмет көрсету нысандары, балалар ойын және спорт алаңдары және адамдар көп жиналатын басқа да орындар өңделеді. 

Бұл жұмыспен қала еріктілері айналысады. 

Дезинфекция аспалы бүріккіштердің көмегімен жүргізіледі. Өңдеу үшін қолданылатын құралдар адамдар мен үй жануарлары үшін қауіпсіз.

Өзгелердің жаңалығы