Қарағанды облысында 904 отбасы мемлекеттік бағдарламалар бойынша баспаналы болды

18 Желтоқсан 2020, 23:02
1530
Бөлісу:
Қарағанды облысында 904 отбасы мемлекеттік бағдарламалар бойынша баспаналы болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл біз әлеуметтік осал және көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен барынша қамтамасыз етуді мақсат еткен болатынбыз. Нәтижесінде биыл 525 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға артық, деп жазды Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Жеңісбек Facebook-тегі парақшасында.

Тұрғын үйлердің төрттен бір бөлігі халықтың әлеуметтік осал топтары үшін арналған жалға берілетін және несиелік баспаналар. 

Биыл 904 отбасы мемлекеттік бағдарламалар бойынша баспанаға ие болды. Оның ішінде жалға берілетін 283 пәтер мен несиелік тұрғын үйдің 621 пәтері бар. Тұрғын үймен 383 көпбалалы отбасы қамтамасыз етілді. 143 көпбалалы отбасы «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша тұрғын үй несиелерін алды. «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша 1093 өтінім мақұлданды. Бағдарламаны іске асыруға жеке құрылыс салушылар мен екінші деңгейдегі банктер белсенді қатысуда.

Осымен екінші жыл қатарынан аймағымызда облыс және өңірлер әкімдіктерінің қолдауымен жас дәрігерлерді қызметтік баспанамен қамтамасыз ету бойынша өңірлік бағдарлама іске асырылуда. Ол үшін біз ғимараттарды салып қана қоймай, қайта құру мен жөндеу жұмыстарын жүргізіп, пәтерлерді жиһазбен және тұрмыстық техникамен жабдықтаймыз. Тұрғын үй беру есебінен біз өңірге 362 дәрігерді тарта алдық. Білікті медициналық персоналсыз бізге биылғы жылы әлдеқайда қиын болар еді, - деп жазды Қасымбек.

Биыл Қарқаралы, Бұқар жырау және Ақтоғай аудандарында дәрігерлер 34 пәтер алды. Келесі жылы Қарағанды, Теміртау және Қаражалда 110 қызметтік пәтер пайдалануға беріледі. 

Бүгінгі таңда Денсаулық сақтау басқармасының портфелінде 138 пәтерді жайластыруға арналған 3 жоба бар. Жезқазғанда медициналық кәсіпорынның балансына 28 пәтерлік үй берілді, оны 2021 жылы жөндеу жоспарланған. Осы тектес жұмыстар Приозерск қаласында да жүргізіліп, мұнда бізге бес қабатты үйден 6 пәтер берілді. 2022 жылы жаңа ғимаратқа көшкеннен кейін Облыстық балалар ауруханасының ескі корпусын қайта құру бойынша жоспарлар бар. Мұнда 104 пәтер жайластырылатын болады. Өткен күндері Қазақстандық Ипотекалық Компания мен Қарағанды облысының әкімдігі арасындағы Нұрлы жер мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясындағы жасалған келісімнің арқасында Қарағандыда 14 медицина қызметкерінің отбасы пәтер кілттерін алды. Жақында бұл үйден мұғалімдер мен ЖОО оқытушыларының отбасылары пәтер алады. Өз тарапымыздан біз мамандарымыздың тұрғын үй мәселесін шешу жұмыстарын жалғастыратын боламыз. Бүгінгі таңда бізде қажетті барлық мүмкіндіктер бар, - деді ол.

Кейбір нысандардың құрылысына қатысты айтылып жатқан шағымдар да орынды. 

Бұл ретте мен аталған үйлердің тұрғындарымен бірнеше рет кездестім және олардың жағдайын жақсы түсінемін. Мысалы, «Панель Центр» шағын ауданындағы №3 үйдің құрылысы 2013 жылдан бері жүргізіліп келеді. Осы жылдың шілде айында ұзақ сот процестері мен бірнеше конкурстардан кейін жаңа мердігер анықталды. Ол ағымдағы жылдың соңына дейін 1-ші блок-секцияның құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр. Ал 2-ші секцияның құрылысы келесі жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады. «Трилистник» кешенінің үйлері бойынша. №4 үйді сыртқы әрлеу жұмыстары аяқталуда. № № 5,6 үйлерде тұрғындардың ескертулерін жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мердігердің айтуынша № 7 үйде құрылыс-монтаждау жұмыстары жылдың соңына дейін аяқталады. Ал №№ 8-10 үйлер 2021 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі, - деп жазды облыс әкімі.


Өзгелердің жаңалығы