Бас жаңалықтар
Қарағанды облысында 6 мектеп қашықтан оқуға ауысты
22 Қаңтар 2021, 18:03 277

Қарағанды облысында 6 мектеп қашықтан оқуға ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының мектептерінде коронавирустық инфекцияның тіркелуіне байланысты, Қарағанды қаласының Октябрь ауданы, Теміртау қаласы, Осакаров және Ақтоғай аудандарының аумақтарындағы 6 мектеп қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды. 

Сырқаттанушылықтың бірлі-жарым жағдайлары тіркелген және жақын байланыста болған адамдардың шектеулі тобы анықталған Қарағанды, Теміртау, Балқаш қалаларының және Абай ауданының 20 мектебінде ауырып қалған оқушылар оқитын сыныптар қашықтықтан оқытуға ауыстырылды.

Эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу туралы қаулыларға сәйкес аталған білім беру объектілерінде қорытынды дезинфекция ұйымдастырылды, жақын байланыстағылар арасында тексерулер жүргізілді, мектеп оқушыларымен және қызметкерлерімен КВИ алдын алу мәселелері бойынша санитариялық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...