Бас жаңалықтар
Қарағанды облысында 173 мың адам вакцина алды
11 Маусым 2021, 09:17 119

Қарағанды облысында 173 мың адам вакцина алды

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. 10 маусымдағы дерек бойынша Қарағанды облысында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 173 мың, екінші компонентін 116 мың адам алған. Бұл жайында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы айтты.

Вакцинацияланған азаматтар арасында 6000-нан астам адамның созылмалы аурулары бар. Екпе алғандардың шамамен 4 пайызында температура көтерілу, екпе салған жердің қызаруы, қан қысымының аздаған уақыт бойы жоғарылауы сияқты жағдайлар тіркелген.

Вакцинациялау мәселесі біздің еліміз үшін ғана емес, бүкіл әлемдік денсаулық сақтауда маңызға ие. Вакцинациядан кейінгі имунитет кем дегенде 1 жылға созылады, ал коронавирустық инфекциядан кейін қалпына келген адамдағы антиденелер алты айға дейін сақталады. Яғни екпеден кейін адамның ағзазы КВИ-ге қарсы ұзақ уақыт бойы төтеп бере алады. Вирустың таралуын тежеу үшін және ұжымдық имунитет қалыптастыру үшін халықтың 70-80 пайызы екпе алу қажет,- дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ғамал Тоқсанбаев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қарағанды облысының емханалары мен вакцинациялау орындарында үш түрлі вакцина бар.

Екпе салу орындарында «Спутник V», қазақстандық «QazVac» және «HayatVax» вакциналары бар. Осы жұмада қытайлық «CoronaVac» вакцинасы жеткізіледі, - дейді басқарма басшысы.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...