Бас жаңалықтар
Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
26 Шілде 2021, 09:53 262

Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл лауазымды Вадим Басин атқаратын болады.

Бұрын ол «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры болып жұмыс істеген. Жаңа лауазымда ол энергетика, ТКШ, индустриялық-инновациялық саясат және инвестициялар, ТЖ мәселелеріне жетекшілік ететін болады. 

Өзінің жаңа орынбасарын өңір әкімі Жеңіс Қасымбек онлайн режимінде өткен аппараттық кеңесте таныстырды. Вадим Басин 1962 жылы дүниеге келген. 

Екі жоғары білімі бар: 1985 жылы «Тау-кен жұмыстарын электрлендіру және автоматтандыру» мамандығы бойынша Қарағанды политехникалық институтын, 1990 жылы «Өнеркәсіптік электроника» мамандығы бойынша Томск автоматтандырылған басқару жүйелері және радиоэлектроника институтын аяқтады. 

Еңбек жолын 1986 жылы бастаған. Қарағанды металлургия комбинатында аглоцехтің инженер-электригі, аглоцех бастығының электр өңдеу жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. 2003 жылы «Испат-Кармет АҚ бас энергетигі болды. 2011 жылдан бастап «АрселорМиттал Теміртау» АҚ басқарма дирекциясының жөндеу жөніндегі директоры қызметін атқарды. 

2013 жылы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жөндеу жөніндегі атқарушы директорының орынбасары, кейін осы компанияның басқару дирекциясының өндіріс жөніндегі директоры болып тағайындалды. 2017 жылдан бастап «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры болып жұмыс істеді. Вадим Басин «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болды, «Отан» және «Құрмет» ордендерімен марапатталды.



Фото: дереккөз
Загрузка...