Қарағандыда «Ashyq» пилоттық жобасы іске асырыла бастады

6 Наурыз 2021, 18:38
1355
Бөлісу:
Қарағандыда «Ashyq» пилоттық жобасы іске асырыла бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 1 наурызынан бастап Қарағанды қаласында «Ashyq» пилоттық жобасын іске асыру басталды.

Бүгінгі таңда Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы және Октябрь аудандарын қамтылған.

Пилоттық жобаға 11 кәсіпкерлік объектісі қатысады. Оның ішінде: бір боулинг клубы, екі фитнес және 8 компьютерлік клубтары бар. Барлығы арнайы QR-код алған.

Қарағанды қаласында «Ashyq» пилоттық жобасын іске асыруға қатысатын кәсіпкерлік субъектілерінің кіреберістері немесе шыға берісінде келушілердің статусын анықтау мақсатында арнайы QR-кодтың сканерлеуін қамтамасыз етулері тиіс.

Өзгелердің жаңалығы