Қарағанды – Балқаш трассасындағы жөндеу жұмыстары қалай ілгерілеуде

25 Қыркүйек 2021, 22:10
1966
Бөлісу:
Қарағанды – Балқаш трассасындағы жөндеу жұмыстары қалай ілгерілеуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында биыл 1 500 шақырымнан астам жалпы пайдаланымдағы жолдарды, оның ішінде 674 шақырым республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Ірі учаскелердің бірі – Қарағанды – Балқаш трассасын қайта құру жалғасуда.

Жол жұмыстарының барысын Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек пен "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ төрағасының орынбасары Талғат Смағұлов тексерді.

Бүгінде ұзындығы 363 шақырым болатын Қарағанды – Балқаш жолында жұмыстар тәулік бойы жүріп жатыр. 1 400-ге жуық адам мен 687 арнайы техника жұмылдырылды. Кей жерлерде төрт жолақ бойымен көлік қозғалысы ашылды. Бұл 170 шақырымнан астам жол бөлігі. Қалған учаскелер бойынша екі жолақпен жүруге болады. Өткен жылмен салыстырғанда айналып өту жолдарының саны айтарлықтай қысқарды – бұрын 92 болса, қазір 15-ке дейін қысқарды. Бүкіл тас жол бойында айналма жолдар жалпы 25 шақырымды құрайды, алайда мердігердің құрылыс мерзіміне қатысты уәде етілген қарқыны сақталмауда.

Құрылыстың мәлімделген мерзімдерінен артта қалып келе жатырсыздар. Жүргізушілердің айналма жолдарға қатысты шағымдары бар. Өзім де жүріп өттім. Мен мұның бәрін көріп отырмын. Уақытша айналма жолдарда автокөліктің қауіпсіз жүруі және үздіксіз қозғалысы үшін пішіндеу және шаңсыздандыру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру қажет. Мен бұл бағытта сапалы жұмыс істеп жатқандарыңызды байқамадым. Жүргізушілердің қауіпсіздігі туралы да ұмытпаған жөн, – деді Жеңіс Қасымбек.

Мердігерлер өз кезегінде жағдайды түзетуге уәде берді. Сондай-ақ, құрылыс материалдарының бағасы бірнеше есе көтерілгенін атап өтті, сондықтан кейбір қаржылық қиындықтарға байланысты учаскелерде артта қалулар бар.

Шарт бойынша жол құрылысы 2023 жылы аяқталуы тиіс.

Бүгінде 10 көпірдің 5-і, 330 су өткізу құбырының 310-ы салынды.

Өзгелердің жаңалығы