Бас жаңалықтар
Қар құрсауында қалғандар құтқарылды
02 Желтоқсан 2020, 18:41 202

Қар құрсауында қалғандар құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қар құрсауынан көлік жолаушыларын құтқарып, дәрігер мен науқасқа көмектесті, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

2020 жылы 1 желтоқсан күні түнгі сағат 00:05 шамасында қатты боран соғып, бұрқасын жел тұрған. Салдарынан көктайғақ болып, жол көрінбеген. Ал, «Қошқар ата – Жарықбас – Бірлік» тасжолының жабылуына байланысты көлік қозғалысына тыйым салынған. Соған қарамастан бір көліктің жолдың осы бөлігінде тұрып қалғаны анықталған. ТЖД-ның 4 құтқарушысы жол талғамайтын «Трэкол» көлігімен «Шаян – Кеңестөбе» трассасының 20-шы шақырымында жолаушылары бар автокөлікті жолдың тазартылған бөлігіне сүйреп шығарған. Сөйтіп, 3 адам құтқарылып, олар ары қарай сапарларын жалғастырған.

Түнгі сағат 02:40-та құтқарушыларға тағы шақырту түсті. Олар жол талғамайтын көлікпен облыстық аурухананың дәрігеріне Ақтас ауылында тұратын науқасқа жетуге көмектесті. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін құтқарушылар дәрігер мен науқасты жедел жәрдем көлігі күтіп тұрған Бірлік (70 км) ауылына жеткізіп тастады. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ, – делінген хабарламада.


Фото: дереккөз
Загрузка...