Қаңтардың соңғы күндері ауа райы қандай болады

27 Қаңтар 2021, 11:35
1487
Бөлісу:
Қаңтардың соңғы күндері ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге, яғни 28-30 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Егер кезеңнің басында антициклон жотасы негізінен жауын-шашынсыз ауа райын елдің барлық аумағында сақтаса, 29 қаңтардан бастап Солтүстік-батыс циклон батыс аймақтарға, ал 30 қаңтардан бастап оңтүстік облыстарға – Оңтүстік циклон әсер ете бастайды. 

Оның әсерінен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, сондай-ақ температуралық фон айтарлықтай артады.



Өзгелердің жаңалығы