Қаңтар астаналықтар үшін «ең қауіпті ай» болып танылды

30 Қазан 2020, 04:21
1412
Бөлісу:
Қаңтар астаналықтар үшін «ең қауіпті ай» болып танылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. AirVisual компаниясының IQAir жобасы ауаның сапасын анықтап, ауасы ең ластанған елдер мен қалаларды анықтады. Рейтинг 5 шаршы метр бойынша халық саны мен PM2 бөлшектерінің орташа санына негізделген.

Қазақстан рейтингте 29 орынға ие болды. Еліміз Таиланд пен Косово елдерінің ортасында.

Ауасы ең ластанған елдер - Пәкістан, Бангладеш және Моңғолия.

Әлемдегі ең таза ауа - Багам, Виргин аралдары мен Исландияда.

Зерттеуде Алматының ауасы туралы деректер жоқ, бірақ Қазақстанның астанасы - Нұр-Сұлтандағы ауаның ластануын көрсететін сандар бар.

Белгілі болғандай, елордадағы ең ластанған ауа қаңтарда (59,5) - мамандар PM2,5 концентрациясын зиянды деп санайды.

Ақпан айында жағдай сәл жақсарды (51.5), бірақ мұндай ауа осал топтар үшін қауіпті.

Маусым мен тамыз айында  Нұр-Сұлтанда еш қорықпай тыныстауға болады. Бұл уақытта ауа таза болады.

PM2.5 - мөлшері 2,5 микроннан аспайтын бөлшек зат. Олардың диаметрі адамның шашының диаметрінен 30 есе аз. Оларға шаң, күл, күйе, сондай-ақ ауада ілінген сульфаттар мен нитраттар бөлшектерінің қоспасы жатады. Дәл осы заттар ең үлкен мегаполистердің орталықтарына тән ауаның ластығын тудырады. PM2.5 бөлшектері тыныс алу жолына терең өтіп, өкпеге қонуға қабілетті.

Бұл бөлшектердің тыныспен жұтуы көздің, мұрынның, тамақтың немесе өкпенің тітіркенуін тудыруы мүмкін, сонымен қатар, адам жөтеліп, мұрыннан су ағып, тұншығады. Бірақ бұл олардың әсер ету қауіпін жоймайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының PM2.5 бөлшектерінің шоғырлану жылдамдығы текше метріне 25 микрограммды құрайды. Осы нормадан асып кету өкпенің қалыпты жұмысын бұзып, өкпенің қатерлі ісігі, тыныс алу жолдарының инфекциясы және жүрек-қан тамырлары аурулары сияқты көптеген қауіпті аурулардың дамуына себеп болуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы