Бас жаңалықтар
Канн фестивалінің жеңімпаздары анықталды
26 Мамыр 2019, 11:56 503

Канн фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстіккореялық "Паразиттер" картинасы Канн кинофестивалінің Алтын пальма бұтағы марапатына ие болды, деп хабарланды фестивальдің Twitter-дегі парақшасында.

Фильм режиссері – Пон Джун-Хо. Картина ауқатты отбасының есебінен қаржылық жағдайын шешетін жұмысыз тапқыр отбасының оқиғасын баяндайды. 


Лауреаттардың толық тізімін назарларыңызға ұсынамыз: 

Алтын пальма бұтағы – Паразиттер, Пон Джун-хо;

Гран-при – Атлантика, Мати Диоп;

Әділқазылардың жүлдесі екі картинаға берілді. Олар: "Қуылғандар" Ладжа Ли және Жулиано Дорнеля мен Клебера Мендонса Фильоның Козодой фильмі;

Үздік режиссер – "Жас Ахмед" фильмі үшін ағайынды Жан-Пьер мен Люк Дарденндер.

Үздік ер адам рөлі – Антонио Бандерас, "Дерт және Даңқ " (реж. Педро Альмадовар);

Үздік әйел рөлі – Эмили Бичем, Балақай Джо (реж. Джессика Хауснер);

Үздік сценарий – Селин Скьямма, "Оттағы жас әйелдің портреті";

Үздік  дебют – Сизар Диаз,"Біздің аналарымыз";

Әділқазылардың арнайы жүлдесі – Элиа Сулейман, "Бұл жұмақ болуы тиіс".


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық