«Канелоның» орнын басатын боксшының есімі аталды

19 Қараша 2021, 10:09
593
Бөлісу:
«Канелоның» орнын басатын боксшының есімі аталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Mayweather Promotions компаниясының жетекшісі Леонард Эллерби мексикалық Сауль «Канело» Альварес (57-1-2, 39 КО) карьерасын аяқтағаннан кейін оның орнын кім басатынын айтты.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

«Канело» карьерасын аяқтағанда, бокс биігіне кім көтеріледі? Джервонта Дэвис. Бұған күмәнім жоқ. Өзін «Канелоға» теңегенде Дэвис өзін агрессив екенін меңзеген. Адамдар оның сөзін қиып алып отыр. Сауль жақсы жұдырықтасып, қарсыластарын сындыра алады. Джервонта Дэвис те өзгеше боксшы және мықты панчер, тек өзін толық көрсетуге мүмкіндігі болмады. Мүмкін Исаак Крус оның қолынан не келетінін көрсетер. Ашылып жұдырықтасқан Джервонтаны көре алатын болармыз, – деді Эллерби.

Өзгелердің жаңалығы