Канело мен Сергей Ковалев жекпе-жек алдында көз түйістірді

20 Қыркүйек 2019, 11:01
2178
Бөлісу:
Канело мен Сергей Ковалев жекпе-жек алдында көз түйістірді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жартылай ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Сергей Ковалев пен орта салмақта WBC және WBA чемпионы Сауль Альварес жекпе-жек алдында көз арбасты, деп хабарлады Allboxing.

Көз арбасу рәсімі Лос-Анджелестегі баспасөз мәслихаты кезінде болды. Титул үшін жартылай ауыр салмаққа көтерілейін деп отырған 29 жастағы "Канело" бұл карьерасындағы ең ауыр жекпе-жек болатынын айтты. 

"Қазір біз тарихқа енуге дайынбыз. Қолымнан не келетінін рингте көрсетемін", - деді Альварес.

Ал 36 жастағы Ковалев қарсыласын қазіргі уақытта бокс әлеміндегі үздіктердің бірі деп бағалады. 

"Бұл карьерамдағы үлкен сынақ деп ойлаймын. Жекпе-жекті қуана әрі тағатсыздана күтіп жүрмін. Қолдауларыңызға рақмет", - деді ресейлік боксшы.

Канело мен Сергей Ковалев жекпе-жек алдында көз түйістірді

Ковалев - Альварес жекпе-жегі 2 қарашада Лас-Вегастағы MGM Grand Arena-да өтеді. Боксшылар Ковалевке тиесілі WBO титулын сарапқа салады. "Канело" жеңсе, карьерасындағы төртінші салмақты бағындырады.

Өзгелердің жаңалығы