«Канело»  Биволмен реванш өткізуі мүмкін
9 Мамыр, 09:55 622

«Канело» Биволмен реванш өткізуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Matchroom Boxing промоутері Эдди Хирн мексикалық Сауль Альварес келесі жекпе-жегінде ресейлік Дмитрий Биволмен жұдырықтасатынын айтты.

Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.

Менің ойымша, Канело - Бивол реваншы қазіргі бокстағы ең үлкен жекпе-жек. Бірақ ол Канелоға байланысты болады. Біз Дмитриймен және оның менеджері Вадим Корниловпен сөйлесеміз. Бірақ мен «Канело» бұл сынақты қабылдамайтынын елестете алмаймын. Канело өзін сынау үшін үлкен, ұлы чемпиондармен жекпе-жек өткізгісі келеді. Жартылай ауыр салмақта әлемнің ұлы чемпионына қарсы кеш ол үшін тым ауыр болуы мүмкін. Бірақ, Саульді білемін, менің ойымша, оған бір ғана жекпе-жек, дәлірек айтсақ, Дмитрий Биволмен реванш керек, - дейді Хирн.

Естеріңізге сала кетейік, 8 мамырға қараған түні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile стадионында ресейлік Дмитрий Бивол мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек өткен болатын. 

12 раундқа созылған тартыста жеңісті ресейлік файтер Дмитрий Бивол алды, ол үшін бұл жеңіс оның мансабындағы 20-шы жеңіс болды.

Бұған дейін Канело Биволды жеңсе, биыл қыркүйекте қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасатыны хабарланған.

 Геннадий Головкин Дмитрий Биволды жеңісімен құттықтаған болатын. 


Фото: дереккөз
Загрузка...