«Канело» баспасөз жиыны кезінде әлем чемпионымен төбелесті

22 Қыркүйек 2021, 11:20
13786
Бөлісу:
«Канело» баспасөз жиыны кезінде әлем чемпионымен төбелесті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мексикалық Сауль «Канело» Альварес (56-1-2, 38 КО) баспасөз мәслихаты кезінде IBF титулына ие америкалық Калеб Плантпен (21-0, 12 КО) төбелесіп қалды. 

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Бұл жиын боксшылардың 6 қарашада Лас-Вегаста өтетін жекпе-жегіне арналған.


 

Көзарбасу рәсімі кезінде «Канело» сөзге келіп қалып, америкалықты кеудесінен итеріп жіберді, ал Плант мексикалықты бетінен ұруға тырысты. Осылайша, төбелес басталып кетті. Алайда оларды тез арада ажыратып алды. 

Анам туралы сөйлеме,- деп кейін жазба қалдырды Альварес Twitter парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы