"Канело" америкалық боксшы Дэниэл Джейкобсты ұпай санымен жеңді

5 Мамыр 2019, 12:00
2129
Бөлісу:
"Канело" америкалық боксшы Дэниэл Джейкобсты ұпай санымен жеңді

Алматы, BAQ.KZ. WBC және WBA (Super) тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес америкалық Дэниэл Джейкобсты жеңіп, оның IBF белдігін тартып алды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады. 

Екі боксшының жекпе-жегі Лас-Вегастағы T-Mobile аренасындағы бокс кешінің басты кездесуі болды. 

Кездесу белгіленген 12 раунд бойы жалғасты, нәтижесінде төрешілер жеңісті бірауыздан мексикалыққа берді - 116:112, 115:113, 115:113.

Осылайша, Альварес үшінші чемпиондық белдікті иеленді. Бұған дейін бұл белдіктің барлығы отандасымыз Геннадий Головкиннің еншісінде болған.

Орта салмақтағы абсолютті чемпион атану үшін "Канелоға" WBO тұжырымының титулын жеңіп алу қажет.

Өзгелердің жаңалығы