Бас жаңалықтар
Қандыағаш базарындағы өртті ауыздықтауға 18 қызметкер атсалысты
VIDEO
16 Қаңтар 2021, 16:07 147

Қандыағаш базарындағы өртті ауыздықтауға 18 қызметкер атсалысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысындағы Қандыағаш қаласында базар өртенді.

Бұл туралы Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Бүгін таңғы сағат 5.48-де бір қабатты «Алан» жабық базарының ғимаратында өрт шықты. Оның жалпы аумағы 900 шаршы метр. 

«Алан» жабық базарына жеткен өрт сөндіру қызметі 200 шаршы метр аумақта өрт шыққанын анықтаған. Өртті сөндіру жұмыстары 10.35-аяқталды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ, - делінген хабарламада. 

Мамандар өрттің шығу себебін анықтауда. Оқиға орнында 18 өрт сөндіру қызметкері жұмыс істеді. Сонымен қатар Мұғалжар ауданы бөлімшесінің үш техникасы мен Алға ауданының бір техникасы және бес өрт сөндірушісі, Ақтөбе қаласының тоғыз қызметкері мен екі техникасы жұмылдырылған.


Фото: дереккөз
Загрузка...