Кандидаттарға бірдей мүмкіндік жасалған – шетелдік бақылаушы

8 Маусым 2019, 15:36
2065
Бөлісу:
Кандидаттарға бірдей мүмкіндік жасалған – шетелдік бақылаушы
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандағы кезектен тыс сайлауда барлық кандидатарға тең мүмкіндік жасалған. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясында өткен брифинг барысында айтты. ТМД парламенттік ассамблеясының үйлестірушісі Ильяс Умаханов айтты. 

"Алдымен әрбір сайлау комиссиясы сайлауды ұйымдастыру жағынан өте көп жұмыс атқарғанын айтайық. Біздің ұзақ мерзімді бақылаушыларымыздың миссиясы тек Нұр-Сұлтан қаласын ғана емес, бірнеше облыс пен аудандарға барды. Сол сапарларымыз Орталық сайлау комиссиясының  кезектен тыс президент сайлауына өте жақсы дайындалғанын растайды. Әрине, дайындыққа бөлінген уақыт шектеулі болды. Соған қарамастан өте өнімді жұмыс істелінген. Біз бұған ризашылығымызды білдіреміз,– деді ол.

Ильяс Умахановтың айтуынша, ТМД ПАА-ның 37 мүшесі елорда мен тағы 3 облыстағы сайлау учаскелерінде бақылау жасайды.

"Біз кейбір кандидаттармен кездестік. Күні бойы бірқатар кездесулер өткізіледі. Осы уақытқа дейін бірде-бір  сайлау алдындағы үгіт-насихатқа, сайлауды ұйымдастыруға және құқық бұзушылыққа қатысты ешқандай шағым естіген жоқпыз. Біздің ойымызша, барлығы қалыпты тәртіпте жүріп жатыр. Сайлаудың ашықтығы қамтамасыз етілген. Сайлау науқанын өткізуге тең құқық берілген. Бүгін – тыныштық күні. Барлық алдыңғы науқандар үміткерлердің құқықтарын бұзу әлі байқалмағанын көрсетеді. Енді, ертең сайлау қалай өтетінін көреміз. Біздің ТМД ПАА-ның байқау миссиясы 7 мемлекеттен келген 37 адамнан құралған.   Байқау миссиясы Нұр-Сұлтан қаласынан бөлек, тағы үш облыста бақылау жасайтын болады", – дейді  ТМД байқаушылар тобының мүшесі.

Өзгелердің жаңалығы