Кандидаттар мен партияларға теңдей мүмкіндік берілуде – байқаушы Амантай Барақбаев

25 Шілде 2021, 15:07
1248
Бөлісу:
Кандидаттар мен партияларға теңдей мүмкіндік берілуде – байқаушы Амантай Барақбаев
PHOTO
Фото: автордан

Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан аумағында Президент тапсырмасымен тұңғыш рет өткізіліп отырған ауыл әкімдерінің сайлауы Жамбыл облысында қыза түсті.

Бұл туралы бақылаушы Амантай Барақбаев айтты. Оның айтуынша, бүгін таңсәріден тұрғындарға есіктерін айқара ашқан ауылдардағы сайлау учаскелеріне ағылған халықтың қарасы қалың. Жамбыл облысындағы Т.Рысқұлов ауданында орын тепкен №351 сайлау учаскесіне 500-ге жуық азамат келіп, өз таңдауларын жасапты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған ауыл әкімдерінің сайлауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып жатыр. Негізі, бұл саяси тұрғыдан қабылданған дұрыс шешім деп есептеймін. Мен бақылаушы ретінде бекітілген сайлау учаскесіне таңертеңнен бері 455 адам келіп, дауыс берді. Бәрі әділ, әрі ашық өтуде. Оны 2 бақылаушы мен 2 сенімді өкіл бақылып отырмыз. Біздің де, дауыс берушелер тарапынан да барлық санитарлық талаптар сақталған. Барлық үміткерлер мен партияларға теңдей мүмкіндік пен жағдай қарастырылған, - деді байқаушы.
Кандидаттар мен партияларға теңдей мүмкіндік берілуде – байқаушы Амантай Барақбаев

Ең қуанарлығы сайлауға үлкендер ғана емес, жастар да белсене атсалысуда. Сондай-ақ өзге ұлттың өкілдері де келіп өз таңдауларын жасап жатыр.

Бұл сайлау бізді тағы жұдырықша жұмылдыра түседі деп сенемін. Осы үрдіс ауылдық аймақтардың ілгерілеуіне серпін береді деген үміт басым, - деп атап өтті Амантай Барақбаев.

Жалпы бір ғана Т.Рысқұлов ауданында халықтың 50 пайызы дауыс беріп үлегерді. Сондай-ақ өзге 9 ауданда да дауыс беру қарқынды жүргізілуде.


Өзгелердің жаңалығы