Қандай нысандарға Ashyq жүйесіне кірмей жұмыс істеуге болады?

28 Шілде 2021, 18:35
1997
Бөлісу:
Қандай нысандарға Ashyq жүйесіне кірмей жұмыс істеуге болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингі барысында ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова хабарлады. Оның айтуынша, бизнестің адамдар көп шоғырлануымен байланысты емес нысандар бар.

Осылайша, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы ведомствоаралық комиссияда жоғарыда аталған нысандарға қатысты талқылау жүрген. Олардың қатарына құрылыс компаниялары, өнеркәсіп кәсіпорындары, адамдармен байланысқа түспей қызмет көрсету орындарын жатқызуға болады.

Бизнес-орталықтары, ондағы қызметтің қалған түрлеріне Ashyq жүйесінен тыс жұмыс істеуге рұқсат етілген. Егер бұл нысандар қызмет көрсетудің басқа деңгейіне, яғни адамдармен тікелей жұмыс істейтін қызмет түріне ауысса, Ashyq жобасына кіру үшін өтінішті өздері берулері тиіс, - деп атап өтті комитет төрағасы. 

Естеріңізге сала кетейік, Ashyq арқылы тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп отыр. Мәселен, «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 23 мыңнан астам азамат анықталған.

Бұған дейін алдағы дүйсенбіден бастап күшіне енетін жаңа шектеу шаралары бойынша қандай нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат етілмейтіндігі туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы