АҚШ-та Хьюстон каналына 25 мың тоннаға жуық мұнай өнімдері төгіліп кеткен

11 Мамыр 2019, 17:33
2332
Бөлісу:
АҚШ-та Хьюстон каналына 25 мың тоннаға жуық мұнай өнімдері төгіліп кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та мұнай танкері мен буксирдің қақтығысуы салдарынан кеме жүретін Хьюстон каналына жанармай төгіліп кеткен. Бұл туралы CBS News телеканалы хабарлады. 

Телеканалдың берген деректері бойынша, мұнай танкері екі баржаны сүйреп келе жатқан буксирмен соғысқан. Нәтижесінде, оның біоеуі төңкеріліп, каналға құйылып кеткен. 

Жағалау күзетінің сөзінше, әр баржада 25 мың тоннаға жуық бензин болуы тиіс. Каналға құйылып кеткен жанармайдың нақты мөлшері әлі анықталмады.
Жағдайды нақтылау мақсатында оқиға орнына тікұшақ жіберілген. Апат орын алған жерге жақын орналасқан Сибрук қаласының тұрғындары жанармай иісінің қатты шығатынына шағымданған. 

Төгілген мұнай өнімдерінің салдарын ликвидациялау операциясына тиісті қызметтер кірісіп кеткен. Оқиға орнына Хьюстон портының өрт сөндіргіш кемесі де келіп жеткен. Ауа сапасын бақылау да қолға алынған.
 

Өзгелердің жаңалығы