«Қан тапсыр – өмір сыйла» акциясы өтті

17 Қазан 2020, 21:40
1804
Бөлісу:
«Қан тапсыр – өмір сыйла» акциясы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен бірлесе отырып «Қан тапсыр – өмір сыйла!» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Санитарлық талаптарға сай, қан алу Достық үйінің ауласында өтті. Орталықтың арнайы мамандандырылған автобусында донорларға сай барлық жағдай жасалынды. Акцияның барлық қатысушылары ең алдымен денсаулығы мен COVID-19 сауалнамасын толтырып, алдын ала тексеріске жіберілді. Маскалық режим мен арақашықтықты сақтай отырып келушілердің дене температурасы, қан қысымы өлшенді.

Белгіленген уақытқа дейін 30 адам донор атанып, әрбіреуі 450 мл-ден қан тапсырды. Гемоглабин және дене салмағының төмен болуына байланысты 10 адам тексерістен өтпеді.

Екінші жыл қатарынан тұрақты түрде қан тапсырып келемін. Бүгінгі акцияда донорлар үшін барлық жағдай жасалған. Екі күн бойы денсаулығыма қарап, майлы әрі ысталған тағамдарды жемедім. Өзгенің өмірін сақтап қалуға ат салысқаным үшін өзімді бақытты сезінемін, - дейді қала тұрғыны И.Шарипова.

Айта кетейік, аталмыш қайырымдылық акциясы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен атқарылған үшінші қайырымдылық  іс-шарасы болып табылады.

Өзгелердің жаңалығы