Кәмелетке толмаған 52 жеткіншек ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған

9 Қараша 2021, 10:33
1215
Бөлісу:
Кәмелетке толмаған 52 жеткіншек ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев «Хабар» телеарнасының «Национальный интерес» бағдарламасына берген сұхбаты барысында хабарлады. Оның айтуынша, олар биыл жасалатын рақымшылыққа ілікпейді.

Еліміз бойынша кәмелетке толмаған 52 жеткіншек ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған. Оларға жасаған қылмысының ауырлығына байланысты амнистия жоқ. Тек 12-сінің жазаны өтеу мерзімі қысқартылады, – деп атап өтті министр.
Сондай-ақ қылмыстың 50-60%-ы облыс орталықтарында жасалады.

Кәмелеттік жасқа толмаған инспекторлардың штатын 700 бірлікке көбейттік. Қазір олардың саны 2500-ді құрайды. Сонымен қатар әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша бөлімшедегі қызметкерлер саны 159-ға көбейтілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін биыл амнистияға кімдер ілігетіні туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы