КАМАЗ 25 жыл бойы Қазақстанда өндірілген қозғалтқышты ғана қолданады

24 Маусым 2021, 10:35
7630
Бөлісу:
КАМАЗ 25 жыл бойы Қазақстанда өндірілген қозғалтқышты ғана қолданады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Желмая» жобасында ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы Марат Қарабаев айтты.

Біздегі көлік жасау саласы – өте жас сала. Бұл саладағы алғашқы келісім 2010 жылы болды. Небәрі 10 жыл ғана толып отыр. Біз екі жаңа жоба бастадық. Оның бірі – КАМАЗ. Камаз әлемнің 50-ден астам еліне өзінің өндірісін сатады. КАМАЗ-дың құйма материалдары мен қозғалтқышын Қазақстанда өндіреміз. Жобаның құрылысы басталды, 2023 жылдың соңында толық іске қосамыз, - деді Қарабаев.

Оның айтуынша, көліктің шанағы брендке байланысты болады.

Кейбір модель дайын келеді. Кейбірін өзіміз дайындаймыз. Шанақты дәнекерлеу мен бояуды біз жүзеге асырып отырмыз. Бұл жобаның ерекшелігі – шығарған құйма жұмыстарын КАМАЗ басқа жерде шығармайды. 25 жылда ол құймаларды КАМАЗ тек Қазақстанда ғана өндіреді, - деді ол.

Қарабаев айтқандай, екінші жобамыз Минск трактор зауытымен бірлесіп жүзеге асырылады.

Шыны зауыт қосылған соң, терезелер бізде өндіріледі. Ресей мен Беларуське бізде жасалған бөлшектер экспортталады, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы