Камалжан Надыров жаңа қызметке тағайындалды

15 Наурыз 2021, 10:44
1024
Бөлісу:
Камалжан Надыров жаңа қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Камалжан Надыров ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Надыров Камалжан Талғатұлы 1983 жылы 27 ақпанда дүниеге келген, екі жоғары білімі бар – медициналық және экономикалық. Ол С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін және Тұран университетін тәмамдаған. Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің магистратурасында оқыған. Назарбаев Университетінің бизнес мектебін Execuitive MBA бағыты бойынша бітірген. Түрлі жылдары Duke University, The Fuqua School of Business (АҚШ),Parkway College (Сингапур), Florence Nightingale (Түркия), Social Health Insurance system (Германия) клиникалар тобында білім алды.

2007 жылдан 2014 жылға дейін академик Б.О.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында клиникалық ординатор, бөлім меңгерушісі, бас директордың орынбасары болып жұмыс істеді. 

2014-2016 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2016 жылдан 2017 жылға дейін «University Medical Center» Республикалық диагностикалық орталығын басқарды.

2017-2019 жылдары Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасын басқарды, 2019-2020 жылдары ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарды, 2020 жылғы маусымнан қазанға дейін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болды.

ДСДРО - негізгі миссиясы – Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамыту, денсаулық сақтау саласында қабылданатын шешімдерді әдіснамалық сүйемелдеу арқылы оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру негізінде денсаулық сақтау жүйесін дамыту саласындағы сараптама ұйымы.
Өзгелердің жаңалығы