Бас жаңалықтар
Қамалиев жол құрылысының қымбатшылығына қатысты пікір білдірді
09 Қыркүйек 2021, 13:15 113

Қамалиев жол құрылысының қымбатшылығына қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Қамалиев басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанда автожол құрылысының жоғары құнына қатысты сұрақтар жиі қойылып жататынын айтты.

Салыстырып қарасақ, көршілес Ресейде жеңіл автокөліктер 1 шақырым үшін 7 теңге және жүк көліктері 7-ден 55 теңгеге дейін төлейді. Ал Еуропа елдеріндегі тарифтерге келетін болсақ, төлем жүк көліктері үшін 5 есе, ал жеңіл автокөліктер үшін 20 есе жоғары. Мен «қазақстандық жолдар еуропалықтардан қымбат» деген сөз қисынсыз дер едім, - деді Қамалиев.

Ол атағандай, жобаның құны жоба-сметалық құжаттаманың негізінде «Мемсараптама» РМК-ның мемлекеттік сараптамасынан өткеннен кейін айқындалады, ал жұмыстардың сапасы жұмыстарды қабылдау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес тексеріледі.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...