Қалмақстанда жол апаты салдарынан 6 адам көз жұмды

24 Қазан 2021, 15:43
7960
Бөлісу:
Қалмақстанда жол апаты салдарынан 6 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалмақстанда жолаушылар мінген автобус пен «Камаз» соқтығысып, алты адамның өмірін жалмады. 

Қайғылы оқиға «Астрахань - Элиста – Ставрополь» тас жолының 246-шақырымында болған, деп жазады ИТАР-ТАСС.

Республикалық ауруханада ашық бассүйек-ми жарақатымен түскен бір зардап шегуші қайтыс болды, - деді елдің денсаулық сақтау министрі Юрий Кикенов.

Мұның алдында өңірдің ІІД жол-көлік оқиғасынан бес адам қайтыс болып, сегіз адам зардап шеккенін айтқан еді. 

Ведомствоның алдын ала деректері бойынша, «Махачкала - Санкт-Петербург» бағдарын бетке алған Neoplan жолаушылар автобусы мен «Камаз» соқтығысқан. 

Полицияның айтуынша, құрбандардың арасында сәби бар.

Өзгелердің жаңалығы