Калифорнияда мектептер қайта ашыла бастады

4 Наурыз 2021, 08:44
1279
Бөлісу:
Калифорнияда мектептер қайта ашыла бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Калифорния штатындағы бірқатар мемлекеттік мектеп қайта ашыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Штат губернаторы Гэвин Ньюсомның хабарлауынша, осы айда бір жыл бойы қашықтан оқыған 6 млн-нан астам оқушы партаға қайта отырады. Шектеулердің жеңілдетілуіне байланысты білім ордаларындағы санитарлық хаттама өзгертілді. Жергілікті билік білім сапасында кеткен олқылықтардың орнын толтыру үшін қазынадан 4,6 млн доллар қаражат бөлуді жоспарлап отыр. Бұл ақша оқу үлгерімі нашар оқушыларға қосымша сабақ ұйымдастыру үшін және қажет болса, оқу жылының мерзімін тағы бір айға ұзарту үшін жұмсалмақ. Ал мұғалімдердің жаппай екпе қабылдауы шарт емес. Сарапшылар бұл шараның біраз уақытқа дейін созылып кетуі мүмкін екенін айтады.
Балалардың мектепке оралғанына өте қуаныштымын. Онлайн сабақтардың көбіне қиынға соққанын көрдік. Техникалық тұрғыдан біраз қиыншылықтарға тап болдық. Байланыс кезінде бір-бірімізді дұрыс естімей, ақпарат анық жете бермеді. Сондықтан жүзбе-жүз кездескенге ешнәрсе жетпейді, - деді мұғалім Дженнифер Беккер.


Өзгелердің жаңалығы