Бас жаңалықтар
Калифорния түрмесінде жаппай төбелес болды
15 Тамыз 2019, 10:34 179

Калифорния түрмесінде жаппай төбелес болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Калифорния штатындағы Соледад қаласында сотталғандар түрмеде бүлік шығарып, 50 шақты адамға медициналық көмек қажет болды. 

ABC телекомпаниясының хабарлауынша, 200 шақты сотталған азамат түрменің ішінде төбелес ұйымдастырды. Жаппай тәртіпсіздікті тоқтату үшін полицейлер аспанға оқ атуға мәжбүр болды.

"Төбелес салдарынан 8 сотталған түрмеден тыс жердегі ауруханаға жатқызылды, 50 шақтысы түрме ішінде медициналық көмек алды", - делінген хабарламада.

Түрме күзетшілерінен ешкім зардап шекпеген. 

Бұған дейін, Бразилияда Альтамир қаласының түрмесінде болған бүлік кезінде 52 адам қаза болған.

 

 


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық