Қалалар карантинге жабылуы мүмкін бе?

17 Наурыз 2021, 17:36
1961
Бөлісу:
Қалалар карантинге жабылуы мүмкін бе?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында елдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша өткен онлайн брифинг барысында ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев қандай статистика болған жағдайда қалалар карантинге жабылуы мүмкін екенін айтты.

Өздеріңіз білесіздер, 8 наурыз мерекесі кезінде көпшіліктің санитарлық нормаларға бей-жай қарауының әсеріне Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында науқастар саны көбейіп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, 18 наурыздан бастап қалада карантин талаптары күшейтіледі. Сонымен қатар, 21 наурыздан бастап әр жексенбі сайын толық локдаун енгізіледі. Мұның қанша уақытқа созылары азаматтарға тікелей байланысты. Алда Наурыз мейрамы келе жатыр. Бас санитардың қаулысында жазылған барлық нормаларды орындап, әлеуметтік арақашықтықты сақтап, масқа тағуды, антисептиктерді дұрыс пайдаланып, топтанған шараларға бармасақ, біз бұл локдауннан жылдам шығамыз, - деді ол.

Ержан Байтанаев егер жағдай ушығар болса, бұл мәселе ведомствоаралық комиссияның қарауына ұсынылатынын айтты.

Қазір мұндай мәселе қаралып жатқан жоқ барлығы өз қолымызда, - деді ол.

Айта кетейік, ол бүгінге дейін вакцинация бойынша 600-ден астам ақпарат жарияланғанын айтқан болатын.


Өзгелердің жаңалығы