Қала «қызыл» аймақта. Білім басқармасы үндеу жасады

14 Наурыз 2021, 23:07
3554
Бөлісу:
Қала «қызыл» аймақта. Білім басқармасы үндеу жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы әкімдігінің Білім басқармасында мектеп оқушыларының ата-аналарына үндеу жасады. Әкімдік ата-аналарды балаларын онлайн оқытуға шақырды. Бұл туралы Алматы қаласының Білім басқармасы хабарлады.

Құрметті ата-аналар! КВИ жағдайларының тіркелуінің ұлғаюына байланысты Алматы әкімдігі мүмкіндігінше балаларды үйде онлайн оқуда қалдыруды сұрайды. Сонымен бірге, мұндай мүмкіндігі жоқ ата-аналар үшін мектепте жоғары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес аралас оқыту жалғасатындығы туралы хабарлаймыз. Барлық мектептер дезинфекциялық құралдармен 100% қамтамасыз етілген, – делінген хабарламада.

Еске салайық, өткен тәулікте Алматыда коронавирусты жұқтырудың 361 жағдайы тіркелген. Қала «қызыл» аймақта.

Өзгелердің жаңалығы