Кадрлық ауыс-түйістер

19 Наурыз 2019, 17:32
2775
Бөлісу:
Кадрлық ауыс-түйістер

Астана, BAQ.KZ. Ақордада кадрлық ауыс-түйістер орын алды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Мәлік Мырзалин ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

«Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалсын, ол Ақмола облысының әкімі қызметінен босатылсын», - делінген Жарлықтың мәтінінде.

Бұдан басқа, Ермек Маржықпаев Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Қожамжаров Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, ал Азамат Әмірғалиев Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Өкімімен Данияр Айтмұхаметов Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Өзгелердің жаңалығы