Кадеттер әскери ант қабылдады

18 Қыркүйек 2021, 15:31
1770
Бөлісу:
 Кадеттер әскери ант қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шоқан Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде 200-ден астам кадет әскери ант берді.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл әскери білім ордасы Қарулы Күштердегі сержанттар құрамының лауазымдарына тағайындау мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлайды.

Әскери колледжге қабылданған сәттен бастап кадеттер ант қабылдау рәсіміне дейін алғашқы жауынгерлік даярлық курсынан өтті. Бір ай бойы олар жалпыәскери жарғыларды зерделеп, саптық, дене және оқ ату даярлықтарымен айналысты.

 Кадеттер әскери ант қабылдады

Әскери колледждің бастығы полковник Ербол Нұржанов бірінші курс студенттерін салтанатты күнмен құттықтады.

Сіздер, әскери антты бір рет және мәңгілік қабылдай отырып, Қазақстан халқына риясыз беріліп, заңды сайланған Президентке әскери борышты үлгілі атқаруға, Отанға жан-тәнімен адал қызмет етуге ант бересіздер. Ел тағдыры, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі біздің қызметіміздің нәтижесіне, дұрыс ұйымдастырылуына және жауапкершілікке байланысты екенін білуге тиіспіз, - деді әскери оқу орнының бастығы.

Бүгінгі таңда әскери колледждің түлектері Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде де, басқа да әскери құрылымдарында, оның ішінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Мемлекеттік күзет қызметінде, Ішкі істер министрлігінде жемісті қызмет етуде.

Салтанатты шараға Ұлы Отан соғысының және Қарулы Күштердің ардагерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Өзгелердің жаңалығы