Кабулда жарылыс болып, 4 адам қаза тапты

31 Мамыр 2019, 16:08
1330
Бөлісу:
Кабулда жарылыс болып, 4 адам қаза тапты

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Ауғанстан астанасы Кабулда болған жарылыстан төрт бейбіт  тұрғын қаза тауып, тағы үшеуі жараланған. Бұл туралы Ауғанстан Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Насратулла Рахими мәлімдеді, деп жазды синьхуа агенттігі.

Оның айтуынша, жарылыс таңғы сағат 8.40 шамасында қаланың шығысында Кабул- Джелалабад жолы бойындағы Калаи-Вазир кварталында орналасқан 9-шы полиция округі маңында болған. Жарылыс шетелдік қарулы күштердің жасағына бағытталған. 
Ол сонымен қатар, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын және құрбандар саны артуы мүмкін екенін жеткізді. 

Бұл бір апта ішінде адам өліміне әкелген екінші жарылыс. Бейсенбі күні әскери университеттің жанында болған жарылыстан жеті адам қаза тауып, алтауы жараланған болатын.

Әзірге терактіні ешбір ұйым өз мойнына алмаған, дегенмен ресми билік оған «Талибан» қозғалысының қатысы бар екенін жоққа шығармайды.
Өзгелердің жаңалығы