Бас жаңалықтар
Қабдықапаров елорданың қанша тұрғыны сақтандырылғанын айтты
29 Шілде 2021, 16:09 447

Қабдықапаров елорданың қанша тұрғыны сақтандырылғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров Медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының қызметі туралы өткен брифингте айтты.

Қор тұрғын халықтың медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалмауы үшін халықты қамту жұмыстарын жалғастыруда. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тұрғындардың 82,5%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған. МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі болмаса да, барлық азаматтар ТМККК аясында медициналық көмек ала алады, - деп атап өтті Нұрлыбек Қабдықапаров.

Спикердің айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2021 жылдың 30 маусымы аралығында медициналық сақтандыру үшін жинақталған жарнаның жалпы сомасы 77,8 млрд теңгені құрады.

Ал 2021 жылдың І жартыжылдығында (қаңтар-маусым айларында) Нұр-Сұлтан қаласы бойынша медициналық сақтандыру үшін 19,7 млрд теңгеден аса жарна аударылды. МӘМС жүйесіне төленетін төлемдердің ең аз сомасы 12 айда 25 500 теңгені құрайды, бұл сақтандырылған адамға құны бірнеше миллион теңге тұратын қымбат тексерулер, операциялар, ЭКО қоса алғанда, ТМККК және МӘМС екі пакетіндегі медициналық көмектің ауқымды тізбесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді, - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...