Бас жаңалықтар
Күзгі маусымнан жақсы өтеміз деген үміт бар – Цой
03 Тамыз 2020, 13:01 593

Күзгі маусымнан жақсы өтеміз деген үміт бар – Цой

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде мәлімдеді.

Бұған дейін қабылданған шаралар нақты жағдайға байланысты қабылданды. Үкімет алғаш рет мұндай коронавирус инфекциясымен бетпе-бет келді. Өздеріңіз жағдайды қолға алғанымызды, ауырғандардың, қайтыс болғандардың санын азайтқанымызды көріп отырсыздар. Дәрі-дәрмек бар. Дүрбелең жоқ, - деді министр. 
Оның айтуынша, жағдай бақылауда.
Қазір жағдайды толық бақылап отырмыз. Күзде болуы мүмкін жағдайға дайындалып жатырмыз. Қазір жабдықталған төсек-орындар резервте тұр. Жасанды тыныс алдыру аппараты алынып жатыр. Мобильді медициналық кешендер, оттегі концентраттары, жеке қорғаныш құралдары - бәрін бақылап отырмыз. Көлемі толықтырылып жатыр. Күзгі маусымнан жақсы өтеміз деген үміт бар, - деді Цой. 
Бұған дейін министр елімізде сырқаттанудың тәуліктік деңгейі 2 есеге төмендегенін айтқан болатын.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...