Бас жаңалықтар
«Күз бояулары». Елордада атақты суретшілердің көрмесі өтіп жатыр
PHOTO
01 Қазан 2020, 09:49 150

«Күз бояулары». Елордада атақты суретшілердің көрмесі өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Күз бояулары» көрмесі өтіп жатыр.



Тәуелсіздік сарайында «Күз бояулары» көрмесі ашылды. 




Көрмеде Нұр-Сұлтан қаласының Суретшілер одағы мүшелерінің еңбектері мен Тәуелсіздік сарайы қорындағы жұмыстар қойылған.




Көрменің мақсаты – көрермендерде эстетикалық талғам қалыптастыру. 




Көрмеде М. Калимов, А. Құлбай, С.Тайынов, А. Қазығұлов, В.Быков, Қ. Қаржасов, Ә. Баяндин, Р. Сленеков сынды атақты суретшілермен бірге А.Нұрболат, Б. Арипов, С. Мүсіреп, Ж. Нұрбекұлы, Т. Табысбекұлы, д. Нүгер, Д. Қастеев, А. Түлкеева және т.б.  суретшілердің төл туындылары қойылған.




Қоңыр күзден, бояулар жайқалатын сұлу шақтан шабыттанған суретшілер қолынан шыққан туындылар түрлі техникада орындаған.




Соңғы жылдардағы кескіндеме және графикалық жұмыстар көрме қатысушыларының өнердегі заманауи шығармашылық тенденцияларының әсерінен құрылған. 




Стильде, кескіндеуде орындау техникасы ерекше жұмыстар қазақстандық суретшілердің ізденістерін көрсетеді.



«Күз бояулары» көрмесіне қойылған шығармалар шынайылығымен, терең мазмұнымен, орындау шеберлігімен көрермендерді тәнті етіп, олардың ыстық ықыласына бөленеді деген ниеттеміз, - дейді көрмені ұйымдастырушылар.



Айта кетейік, аталған көрмені қараша айының 20-на дейін тамашалауға мүмкіндік бар.




Ұйымдастырушылар бөлімі Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарын көрмеге шақыруда.




Фото: Артём Чурсинов
Загрузка...