Бас жаңалықтар
Күйеуі өртеп жіберген әйел қайтыс болды
12 Қараша 2019, 09:10 2708

Күйеуі өртеп жіберген әйел қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денесінің 75 пайызын күйік шалған келіншек аман қалғанымен, араға бір ай салып жан тапсырды. Бұл туралы Астана арнасы хабарлады.

Күйеуінің қорлығынан құтқармақ болып, елордаға көшірген ана бұл жағдайға араша бола алмағанын айтады. Ол  күйеу баласы мұндай сұмдыққа тек қызғаныштан емес, жәрдемақы үшін де барғанын мойындағанын айтып отыр.   

Ол Астанаға келген кезде. Пропискасын алды ғой. Астанаға тұрды ғой. Сол кезде оларға 21 000 шықпай қалған. Соны айтып тұр ғой күйеу бала. 21 мың шықпай қалды. Мен 9 жарым айдан бері бала-шағаны жалғыз өзім қарап жатырмын. Қалай мен жұмыс істеп 6 баланы бағамын. Сол 6 балаға қарап отырмын дейді. Аналық менің жүрегімдегі айқайым, ол жазасын алсын. 20 жылдан да көп берсін. Егер сотымыз әділ болатын болса. Қызымды ақтасын, - дейді марқұмның анасы Дәмегүл Қашағанова.

16 жыл отасқан 6 балалы ерлі-зайыптылар Мақтарал ауданының тұрғындары. Үлкені 16 жаста болса, кішісі 4-те. Балалар қазір әкесінің туыстарының қолында. Марқұмның анасы күйеу баласы соңғы бір жылда жұмыссыз отырғанын айтады. Отбасының кірісі болмағандықтан, олар мемлекеттік жәрдемақыға күн көрген.   

Бұл отбасы бізден атаулы әлеуметтік көмек алып отырған. Жәрдемақы сәуір айынан бастап тағайындалды. Әйелі 6 баланың анасы, күйеуі екінші топтағы мүгедек, ал әжесі апасы зейнеткер болды. Осы уақытқа дейін бұл отбасы 6 айлық көмек алды. Қазан айында да барлығы толығымен төленген, - дейді Түркістан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Айжан Беркінбаева.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты енді "Адам өлтіру" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.  

Осыған байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Кісі өлтіру бабы бойынша. Қылмыстық іс жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған болатын. Сол күні күдікті ұсталып, қамауға алынған. Қазіргі таңда ол қамауда. Осы баппен қаралатын санкциясы 20 жылдан бас бостандығынан айырылу мүмкін, - деді Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетікшісі София Қылышбекова. 

38-жастағы келіншектің мәйіті елордадан Жетісай қаласына жеткізілді. Марқұмды жерлеу рәсімі ертеңге жоспарланған.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...