Кәсіпкерлікті дамытудың жаңа күн тәртібі әзірленеді

23 Маусым 2020, 09:09
1532
Бөлісу:
Кәсіпкерлікті дамытудың жаңа күн тәртібі әзірленеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кәсіпкерлікті дамытудың жаңа күн тәртібі әзірленеді. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов онлайн өткен Үкімет отырысында айтты.

Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін бизнес-климатты жақсарту бойынша бірқатар шара қабылданды. Бұл - салықтық ынталандыру, тексерулерді қысқарту және несиелеуді кеңейту, - деді Руслан Дәленов. 
Министр экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі 2020 жылдың соңына дейінгі кешенді жоспар және бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылданғанын айтты.
Арнайы мемлекеттік комиссия жұмыс істеуде. 2020 жылғы 18 маусымда Парламент бизнес климатты жақсарту жөніндегі заңнамалық реформалардың 8 пакетін қабылдады. Орта мерзімді перспективада кәсіпкерлік қызметті дамытуда "жаңа күн тәртібі" әзірленетін болады. Шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту бағыты Қазақстанның 2025 жылға дейінгі жаңа стратегиялық жоспарында көзделеді, - деді ол. 

Сондай-ақ, министр тексерулерді қысқарту бойынша қабылданған шаралар туралы айтып берді. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы 1 қаңтардан бастап үш жылға шағын және микрокәсіпкерлікке тексеру және профилактикалық бақылау жүргізуге мораторий енгізілді, - деді ол. 

Сонымен қатар, министр жылдың соңына дейін бизнестің барлық санаттағы субъектілері үшін жаңа жоспарлы салықтық тексерулер жүргізілмейтінін айтты.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау үшін кәсіпкерлердің "адалдық" презумпциясы қолданыста. Бұл заңнамадағы әр түрлі түсініктерді адал кәсіпкерлердің пайдасына қолдануға мүмкіндік береді, - деді Руслан Дәленов.

Өзгелердің жаңалығы