Кәсіпкерлікті дамыту үшін қосымша қаржы бөлінеді

4 Қыркүйек 2020, 10:55
2199
Бөлісу:
Кәсіпкерлікті дамыту үшін қосымша қаржы бөлінеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кәсіпкерлікті қолдау үшін қосымша 200 млрд теңге бөлінеді. 

Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов айтты.

Оның айтуынша, жеңілдік ставкамен айналым капиталын кредиттеу көлемі 800 млрд теңгеге дейін жеткізіледі және бұл бағдарлама 2021 жылдың соңына дейін ұзартылады.

Осы шаралардың барлығы 2025 жылға қарай жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін 35 пайызға дейін жеткізу мен осы салада жұмыспен қамтылған азаматтар санын 4 млн адамға дейін жеткізуге мүмкіндік береді, - деді Әлихан Смайылов. 

Сондай-ақ, ол орта шикізаттық емес кәсіпорындарға бағдарланған экспорттық акселлерация бағдарламасы іске қосылатыны және елде стратегиялық инвестициялық келісім жобасының жүзеге асырылатынын атап өтті.Оның аясында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды тұрақты заңнамамен қамтамасыз ету үшін Кәсіпкерлік және Салық кодекстері мен Арнайы экономикалық аймақтар Заңына өзгертулер енгізіледі.

Өзгелердің жаңалығы