Кәсіпкерлерге көрсетілетін қызмет түрін бір жерге топтастыру қажет – Абылай Мырзахметов

9 Сәуір 2019, 10:14
2329
Бөлісу:
Кәсіпкерлерге көрсетілетін қызмет түрін бір жерге топтастыру қажет – Абылай Мырзахметов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазір шағын және орта бизнеске 7 мемлекеттік орган, оның ішінде 6 министрлік пен Ұлттық банк тарапынан 525 қызмет көрсетеді екен. Оған 100-ге жуық кәсіпкерлерді қолдау және субсидиялау түрлері бар. Осының барлығының басын біріктіру керек. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Үкімет отырсында айтты.

Жиын барысында басқарма төрағасы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасымен еліміздегі кәсіпкерлерге үлкен көмек көрсетіліп жатқанын және оған қызығушылық өте үлкен екенін айтып өтті. Негізгі беріліп жақан көмектің 60 % субсидия болып саналады екен. Банкттер тарапынан несиеге қолжеткізе алмағандықтан кәсіпкерлер осы субсидияға қызығушылық танытып отырған көрінеді. 

«2017-2018 жылдары өкінішке қарай кейбір әкімдіктерде өзінің жоспарлау жұмысы төмен болғандықтан жыл сайын қаражат жетпей қалады, әсіресе жаңа жобаларға. Қазір қай облыстарда тапшылық бар екенін Даму апта сайын өз сайтына салып отыр. Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шымкент қалаларында өкінішке қарай қазір жаңа жобаларға қаржы берілмейді. Өйткені субсидияны жоспарлау жұмысы нақты қойылмаған», - деді ол. 

Сондай-ақ ол, шағын және орта бизнеске 7 мемлекеттік орган тарапынан қызмет көрсетіліп жатқанын айта келе бұлардың басын бір жерге біріктіру қажеттігін жеткізді.

«Қазір 6 министрлік пен Ұлттық банк тарапынан 525 қызмет көрсетіледі екен. Оған 100-ге жуық кәсіпкерлерді қолдау және субсидияның түрлері бар. Осының барлығының басын біріктірсек деген ойымыз бар. Қазір мұның барлығы бір жерден берілмейді және мониторинг жасалып жатқан жоқ. «Үкімет бизнес үшін» деген жоба жасап, барлығын бір терезеге топтастырсақ деген ойымыз бар», - деді Абылай Мырзахметов

 

Өзгелердің жаңалығы