Бас жаңалықтар
Кәсіпкерлер несиені уақытылы қайтарып жатыр
05 Маусым 2019, 22:32 343

Кәсіпкерлер несиені уақытылы қайтарып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбелік кәсіпкерлер ауыл шаруашылығын дамытуға арналған несиелерін уақытылы өтеп жатыр. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлады.

Ірі қара, ұсақ мал өсіруге несие алған шаруашылықтар қиындық көріп отырған жоқ.

«Облыс бойынша несие өтеу уақытын өткізіп алу дерегі бір пайыздан асқан емес. Бұл жақсы көрсеткіш. Адамдармен жұмыс істеп, қарызды уақытылы қайтармаса қандай қиындықтарға тап болатынын түсіндірген жөн. Шаруалар бір күнмен емес, болашақ жоспарымен өмір сүру керек. Егер несие тарихы бүлінсе, ертең кәсібін кеңейте алмайды. Қаржылық сауықтырудың барлық түрі қолданылады. Ал 90 күн төлемесе, субсидияны да алмайды», - деді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Ақтөбе филиалының директоры Гүлжанат Ерғазина.

Айта кетейік, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 976 жобаға 3,8 миллиард теңге беріледі. Қаржы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры және Аграрлық несие корпорациясына бөлінді.


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық