Кәсіпкер әйелдер грантқа ие болды

8 Қараша 2019, 13:16
2408
Бөлісу:
Кәсіпкер әйелдер грантқа ие болды
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада "Coca-Cola Белестерi" конкурсының жеңімпаздары анықталды. Еліміздің 14 өңірінен келген іскер әйелдердің ішінен ең үздік деп танылған 10 жеңімпазға қайтарымсыз грант сертификатын табыстады. Әр кәсіпкер әйел 4 мың доллар сомасында қаржылай сыйақы алды. 

Компания 2012 жылдан бастап әр ауыл-аймақтан әйелдерді жинап оқытып, өз ісін ашуға мүмкіндік берген. Осымен 7 жыл қатарынан өткізіліп келе жатыр. 2020 жылы әлем бойынша 5 млн іскер әйелдерге жеке бизнесін ашуға жол ашпақшы. 

Мен біздің елімізде  ауыл әйелдерін оқытатын жобаның барына аса қуаныштымын.Тәлімгерлеріме шексіз разымын. Бұл жоба менің өмірлік асқақ армандарыма қанаттандырып, маған күш-қуат берген бағдарлама. Бүгінгі конкурстың жеңімпаздары өз кәсіптерін одан әрі дамытып, еліміздің  әлеуметтік-экономикалық ахуалына тұрақтылық пен өсу алып келеді деп сенемін, - дейді конкурстың жеңімпазы Гүлнар Майданова. 

Сайыстың қорытындысы бойынша, 2019 жылдың 10 жеңімпазы  қаржылай грантына ие болды.  Байқау жүлдегерлерінің есімдері: Үміт Әли, Нұргүл Күзекбаева, Лола Сағитова, Гүлнұр Майданова, Диляра Сыздықова, Бағдат Түсіпбекова, Лейла Ермағамбетова, Наталья Ержанова және Ұлту Жүсіпова. 

Айта кетейік, бүгін форум аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР омарташылар ұлттық одағы мен "Қазақстан әйелдерінің аграрлық одағы" ЗТБ арасында Меморандумға қол қойылды.
Өзгелердің жаңалығы