Қазақстан ағылшын тілін меңгеруде көштен қалып келеді

5 Ақпан 2020, 18:24
1920
Бөлісу:
Қазақстан ағылшын тілін меңгеруде көштен қалып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі салалық мамандар сананы жаңғырту бойынша шетелдік тәжірибе ескерілген. 10-нан астам елдің тәжірибесі зерттелді. Оның ішінде Жапония, Швейцария, Германия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея сынды елдер бар.

Бұл туралы ОКҚ брифинг барысында "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев айтты.

Сананы жаңғырту бойынша шетелдік тәжірибе де ескерілді. 10-нан астам елдің тәжірибесі зерттелді. Оның ішінде Жапония, Швейцария, Германия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея сынды елдер бар. Мәселен, Сингапур бар халқының санасын жаңғырта алды. Оларда азаматтық кеңес құрылған. Оның аясында халықтың медиасауатталығын арттырды. Сондай-ақ, киберсауаттылық та назардан тыс қалмады. Адамдар интернетті дұрыс қолдана білуі керек. Осы мәселелерді Сингапур белсенді жүзеге асыруда. Ал Швеция тәжірибесі ағылшын тілін үйрету бойынша экожүйе құрды. Бізде қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру мәселесі тұр, олардың тәжірибесін қолдануға болады. Швед қоғамы халықаралық рейтинг бойынша ағылшын тілінде сөйлейтіндердің басында тұр. Ал Қазақстан, өкінішке қарай, бұл рейтингтің соңында жүр. Шетелдік тәжірибені қолдану бізге де бұл бағытты дамытуға өз септігін тигізеді деген ойдамын, - деді ол.

Сонымен қатар, басқарма төрағасының айтуынша, Ақпарат министрлігімен бірлесіп "Азаматтық алаң" құрмақ. 

Бастапқыда аптасына 2 рет жүргізілетін болады. Ол жерде кез келген ұсыныс, жоба, сын қабылданатын болады. 

"Өзгерістердің саруарлары" әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған жоба. 2020 жылы тағы бір шара әр шараны әдістемелік сүйемелдеуді жүргізу. Себебі, бізге шаралардың тиімді әрі дұрыс өткені маңызды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы