Көркем гимнастикадан ел үздіктері анықталды

19 Наурыз 2020, 23:05
1388
Бөлісу:
Көркем гимнастикадан ел үздіктері анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының кубогі өтті.

10-15 наурыз күндері "Маңғыстау-Аренада" өткен дүбірлі додадаға еліміздің түкпір-түкпірінен атлеттер қатысты.

Спорт шеберлері арасында көпсайыс бойынша жеке бәсекеде Шымкенттік Роза Абитова жеңімпаз атанды. Ренат Жолдинова (ШҚО) күміске, Дильназ Байленова (Қарағанды облысы) қола жүлдені қанағат тұтты.

Спорт шеберлігіне үміткерлер арасындағы бәсекеде Милана Парфилова үздік танылды. Жансая Жанбуршиева күміске, Дария Касаева қолаға қол жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы