Көптеген мықты дәрігер жұмыстан кетіп жатыр

22 Қараша 2019, 15:00
2349
Бөлісу:
Көптеген мықты дәрігер жұмыстан кетіп жатыр

Алматы,  BAQ.KZ  тілшісі.  Медициналық қызметкерлерге қатысты тіркелген қылмыстық іс жыл сайын өсіп жатыр деген мәлімет жалған, керісінше төмендеу бар. Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Руслан Сатыбалдиев Алматыда өткен дөңгелек үстел барысында айтты. 

Оның айтуынша, 2019 жылы дәрігерлердің үстінен қозғалған 7 іс қана сотқа дейін жеткен. Ал 2018 жылы бір медициналық қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 
Алайда сотқа дейінгі тіркелген жағдайлар бар, яғни науқастардың кез келген шағымы бойынша тергеу жұмыстары міндетті түрде жүргізіледі. Ол кезде медициналық мекемедегі қатысы бар адамдардың барлығынан түсінік алынады, - дейді ол. 

Сонымен қатар ол, қазір медициналық қызметкерлердің жауапкершілігіне қатысты қозғалатын қылмыстық іс туралы заңды жетілдіру керектігін айтты.
Қазір кез келген мықты дәрігердің бір қателігіне бола оны қылмыстық жауапкершілікке тарта береді. Соның кесірінен көптеген мықты мамандар жұмыстан кетіп жатыр. Жалпы медицина қызметкерлеріне қатысты заңды әлі де жетілдіру керек. Бізде дәрігер жауапкершілікке тартылса ол 3 жылдай бұл салада жұмыс істей алмайды, ол үш жылда жақсы болып кетпейді. Оданда оның кәсібилігін дамытуға көңіл бөлу керек, - дейді  Р. Сатыбалдиев.
Өзгелердің жаңалығы