Көпбалалы отбасылардың балаларына 5 мың білім гранты бөлінеді

26 Маусым 2019, 18:10
2246
Бөлісу:
Көпбалалы отбасылардың балаларына 5 мың білім гранты бөлінеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына 5 мың білім гранты бөлінетінін айтты.

«Биылғы жылдың 1 қыркүйегінде аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары үшін жоғары оқу орындарына қосымша 5 мың білім гранты бөлінеді. Әзірге 5 мың, одан кейін бұл жүйе əрі қарай жұмыс істейтін болса, көре жатармыз. Бұл әлеуметтік осал топтағы халықтың ішінен дарынды балалар мен жасөспірімдерді оқыту және жоғары оқу орындарына түсуге дайындау үшін қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ қызметкерлері мерекесіне арналған салтанатты жиында.

Мемлекет басшысы Ақордада өткен іс-шарада шәкіртақы көлемін арттыру жұмысы да қолға алынғанын айтты.

Бұған дейін Қазақстан президенті əлеуметтік осал топтағы азаматтардың несиесі өтелетінін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы