Күннің тұтылуы қалай болды?

21 Маусым 2020, 14:28
1801
Бөлісу:
Күннің тұтылуы қалай болды?
VIDEO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін қазақстандықтар күннің тұтылғанын көре алды. 

Нұр-Сұлтанда күннің тұтылуы бүгін сағат 11.30-да басталып, 13.42-ге дейін жалғасты. Ең үлкен фаза сағат 12.35-те көрінді. Дегенмен елордалықтар Күннің тұтылуын аса байқамады. 


_70A4093.JPG

Алматыда күннің тұтылуы сағат 11.16-дан 14.06-ге дейін көрінген екен.

Астрономдардың айтуынша, күннің бұлай тұтылуы бір ғасырда шамамен 14 рет болады.

Күннің тұтылуы деген не

Күн тұтылған кезде, Ай күннің бетін толық немесе жартылай көлегейлейді. Егер Ай өзінің жер айналасындағы қозғалысында Жер мен Күннің арасында келіп қалса (бұл тек жаңа Ай туған кезде болады), Күнді жауып қалады. Бұл Күннің тұтылуы деп аталады.



Өзгелердің жаңалығы