Күндізгі ұйқы мен жүрек ауруы арасында байланыс табылды

18 Ақпан 2020, 13:24
2381
Бөлісу:
Күндізгі ұйқы мен жүрек ауруы арасында байланыс табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аптасына бір немесе екі рет мызғып алу жүрек ұстамасының пайда болу қауіпін төмендете алады.

Аптасына екі рет күндіз ұйықтау жүрек ұстамасының даму қаупін 48%-ға төмендетеді. Мұндай тұжырымды Швейцариядағы Лозанна университетінің клиника ғалымдары жасаған. 

Бұл туралы Focus сайтында хабарланды. Зерттеушілер ұйқының жиілігі мен орташа ұзақтығының жүрек ауруының туындаумен байланыстырып, арнайы зерттеу жүргізген. Бес жыл ішінде мамандар 35-тен 75 жасқа дейінгі 3400 еріктіні байқап, зерттеген. Ғылыми тәжірибеге қатысушылар күн сайын қанша уақыт ұйықтайтындығын белгілеп отырған. 

Нәтижесінде, күндіз аптасына бір немесе екі рет ұйықтайтын адамдар инсульт, инфаркт немесе жүрек ауруы қаупін 48% төмендеткені белгілі болды. Күндіз аптасына 6-7 рет ұйықтаған қатысушыларда тек түнде ұйықтайтындарға қарағанда инфаркт қаупі жоғары болды. Ғалымдардың айтуынша, ұйқының ұзақтығы маңызды емес. Айта кетейік, бұған дейін ғалымдар ұйқы кезінде жарықтың қосылу болуы зиян екенін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы